
Михаил Кукушкин Хельсинкидегі турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық Михаил Кукушкин Хельсинкидегі челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Әлемнің 239-ракеткасы Кукушкин екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 298-орында тұрған ресейлік Евгений Карловскиймен кездесті.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші басымдылық танытты – 6:2. Екінші сетте есеп 4:2 болған кезде қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты
Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 140-ракеткасы, германиялық Янник Ханфманн немесе рейтингте 153-сатыдағы ұлыбританиялық Райан Пенистонның біреуімен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
20.03.2023
ҚТФ баспасөз қызметі