Қазақстан әйелдер құрамасы іріктеу сатысында Польшамен ойнайды

13.11.2022    Оқылғаны: 394
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Шотландияның Глазго қаласында 2023 жылғы командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогі іріктеу сайысының жеребесі тартылды.
 

Қазақстан әйелдер құрамасы іріктеу сатысында Польшамен ойнайды. Польшамен матч 2023 жылдың 14-15 сәуір күндері Қазақстанда өтеді. Жеңген команда финалдық кезеңге жолдама алады.

Іріктеу матчы төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Биыл командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңінде алғаш рет өнер көрсеткен қазақстандық қыздар С тобында Ұлыбританияны 2:1 есебімен жеңіп, Испаниядан 0:3 есебімен ұтылып қалды.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер