Анна Данилина WTA қорытынды турнирін сәтті бастады

02.11.2022    Оқылғаны: 1064
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Анна Данилина АҚШ-тың Форт-Уорт қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирін сәтті бастады.
 

Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге Пэм Шрайвер тобында бастапқы кездесуін Габриэла Дабровски (Канада) - Джулиана Ольмос (Мексика) жұбымен өткізді.

Бірінші партияда Анна мен Беатрис 7:5 есебімен басым түсті. Қазақстандық-бразилиялық жұп екінші сетте бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Қазақстандық-бразилиялық жұп аталмыш топта сондай-ақ Людмила Киченок (Украина) - Елена Остапенко (Латвия) және Элизе Мертенс (Бельгия) - Вероника Кудерметовамен (Ресей) шеберлік байқасады.

Әр топтан екі үздік жұп плей-офф кезеңіне жолдама алады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер