
Александр Бублик Швейцариядағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Базель (Швейцария) ATP 500 турнирінің ширек финалына өтті.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингте өзінен екі саты төмен тұрған испаниялық Альберто Рамоспен шеберлік байқасты. Бублик бұл бәсекеде 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Александр Бублик жүлде қоры 2,1 млн еуродан асатын ірі жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссим немесе рейтингте 28-сатыдағы сербиялық Миомир Кецмановичтің біреуімен таласады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
20.03.2023
ҚТФ баспасөз қызметі