Альбина Кәкенова – жасөспірімдер арасындағы Азияның бірінші ракеткасы атанды

19.10.2022    Оқылғаны: 1137
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Азия теннис федерациясы 14 жасқа дейінгі ойыншылардың рейтингін жаңартты.

14 жасар Альбина Какенова сары құрлық рейтингінде көш бастады. Қазақстандық теннисшінің еншісінде 2722 ұпай бар. Азияның ең үздік ондығына Ева Корышева – үшінші орын, Ариана Гогулина – алтыншы, Сатима Төреген – жетінші және Яна Штода – оныншы орындарға тұрақтады. Осылайша, 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия рейтингінің ТОП-10 қатарына Қазақстанның бес ойыншысы кірді.

 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер