
Қазақстан теннис федерациясының мәлімдемесі
Бұқаралық ақпарат құралдарында Ресей теннисшісі Александр Шевченко спорттық азаматтығын өзгертті және бұдан былай Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді деген ақпарат тарады. Қазақстан теннис федерациясы Александр Шевченконың бізге хабарласқанын растайды. Оның ұсынысы қарастырылып жатыр. Соңғы кездері шетел теннисшілерінен Қазақстан атынан ойнауға ұсыныс көп түсіп жатқанын мәлімдейміз. Әр жағдай ыжағаттылықпен мұқият қарастырылады. Шетел теннисшілерінің Қазақстан азаматтығын алғаны туралы ақпарат шыққан жағдайда Қазақстан теннис федерациясы бұны жедел баспасөз өкілдеріне және өз жанкүйерлеріне хабарлайды.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



























