
Даниил Медведев: «Қазақстан теннис турнирлерін жоғары деңгейде ұйымдастырады»
Қазақстанда теннис турнирлерін жоғары деңгейде ұйымдастырады. Бұл туралы әлемнің төртінші, Astana Open ATP 500 жарысының екінші ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев мәлім етті.
Астана додасының алғашқы айналымында әлемнің 40-ракеткасы, испаниялық Альберт Рамосты 6:3, 6:1 есебімен жеңген ресейлік спортшы аталмыш жарыстың жақсы ұйымдастырылғанын айтты.
«Мен мұнда (Қазақстанда) алғашқы турнирімді (ITF) Өскеменде жас кезімде өткізіп, жеңіске жетіп едім. Сондықтан Қазақстанды ерекше жылылықпен еске аламын. Осында қайта келгеніме қуаныштымын. Астана турнирі, мейлі ол АТР 250 немесе АТР 500 деңгейінде бола ма, жарыстар күнтізбесінде қалады деп үміттенемін», деді US Open 2021 додасының жеңімпазы.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
27.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
20.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі