Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Нидерланд құрамасынан жол берді

14.09.2022    Оқылғаны: 921
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Шотландияның Глазго қаласында Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде Қазақстан Нидерланд құрамасынан жеңіліп қалды.

Бірінші ойында Михаил Кукушкин әлемнің 48-ракеткасы Таллон Грикспурға 1:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңілсе, екінші бәсекеде әлемнің 35-ракеткасы Ботик ван де Зандсхулп пен рейтингте 44-орында тұрған Александр Бублик кортқа шықты. Бұл - олардың өзара алғашқы кездесуі еді. Бірінші партияда қазақстандық теннисші брейкпен алға шықты – 3:1. Ақыры сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3. Екінші сетте нидерландық спортшы алға кетті – 2:0. Содан соң қарқынын үдетті – 6:1. Үшінші партияны Бублик сәтсіз бастағанымен, қайыра брейк жасады – 1:1. Алайда жетінші геймде 40:0 есебімен алда тұрып, қарсыласының брейк жасауына мүмкіндік беріп қойды – 3:4. Сосын Ботик матчқа доп бергенде қателескен жоқ – 6:4.

Соңғы үшінші жұптық ойында Александр Бублик пен Александр Недовесов. Матве Мидделкоп/Весли Колхофты6:4, 1:6, 6:3 есебімен жеңіп Қазақстан құрамасына бір ұпайды алып келді

Осылайша матчта Нидерланды 2:1 есебімен алға жеңіске жетті. 15 қыркүйек ел құрамасы АҚШ командасымен кездеседі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер