ТОП-10-ға кіретін бес теннисші Astana Open ATP 500 турнирінде өнер көрсетеді

06.09.2022    Оқылғаны: 216
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Елордада 1-9 қазанда өтетін Astana Open ATP 500 турнирінде өнер көрсететін ойыншылар анықталды.

Ресейлік Даниил Медведев жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелді.

Сондай-ақ әлемдік рейтингте ондыққа кіретін испаниялық Карлос Алькарас (4-ракетка), грекиялық Стефанос Циципас (5-ракетка), канадалық Феликс Оже-Альяссим (8-ракетка), Польша өкілі Хуберт Хуркач (10-ракетка) бақ сынайды.

Оған қоса ресейлік Андрей Рублев, италиялық Янник Синнер, аргентиналық Диего Шварцман, испаниялық Роберто Баутиста-Агут, болгариялық Григор Димитров, франциялық Гаэль Монфис сияқты рейтингісі жоғары теннисшілер, «Үлкен дулыға» жарыстарының жеңімпазы, хорватиялық Марин Чилич, швейцариялық Стэн Вавринка додаға қатысады.

Қазақстаннан Александр Бублик, Михаил Кукушкин, жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов ел намысын қорғайды.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер