
Дмитрий Попко мен Михаил Кукушкин Испаниядағы жарыстың ширек финалына өтті
Қазақстандық екі теннисші Испаниядағы Мальорка челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Әлемнің 232-ракеткасы Дмитрий Попко дүниежүзілік рейтингте 275-орында тұрған швейцариялық Леандро Ридльмен кездесті. Қазақстандық теннисші 6:7 (3:7), 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Попко жартылай финалға шығу үшін рейтингте 654-орындағы испаниялық Абедалла Шелбаимен таласады.
Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин, әлемнің 214-ракеткасы бразилиялық Матеус Пучинелли де Алмейданы ұтты - 6:2, 6:4. Михаил ширек финалдағы қарсыласы - болгариялық Александр Лазаров.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
21.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі