Дмитрий Попко АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті бастады

24.08.2022    Оқылғаны: 790
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингіде 236-орында тұрған Попко бастапқы матчын әлемнің 170-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриномен өткізді.

Бірінші партияда италиялық спортшы басым түсті – 6:4.

Екінші сетте Дмитрий 2:0 есебімен алға кеткенімен, қарсыласы таразы басын теңестірді. Дегенмен тай-брейкте қазақстандық теннисші сәтті ойнады – 7:6 (7:3). Үшінші – шешуші партияда Попконың құлашы жазыла түсті – 6:2.

Попко іріктеу сайыстарының жартылай финалында әлемнің 114-ракеткасы, словакиялық Норберт Гомбошпен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 215-ракеткасы Михаил Кукушкин бүгін рейтингіде 235-сатыдағы аргентиналық Николас Кикермен кортқа шығады.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Анна Данилина Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты. Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге алғашқы айналымда америкалықтар Мэдисон Бренгл – Лорен Дэвисті тізе бүктірді – 7:6 (7:5), 2:6, 10:7.

Анна мен Александра жартылай финалға шығу үшін жапониялық Мию Като – индонезиялық Алдила Сутджиадимен таласады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер