Дмитрий Попко елордадағы челленджер турнирінің ширек финалына шықты

21.07.2022    Оқылғаны: 356
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Дмитрий Попко елордада Президент кубогы аясында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Попко екінші айналымда түркиялық Янки Эрельмен кездесіп, 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Дмитрий жартылай финалға шығу үшін ресейлік Евгений Донской немесе чехиялық Давид Поляктың біреуімен таласады.

Президент кубогы аясында әйелдер арасындағы ITF W60 додасында жекелей сында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ. Жібек Құламбаева екінші айналымда оңтүстіккореялық На Ли Ханьнан ұтылды - 1:6, 2:6. Гөзал Айнитдинова ресейлік Анастасия Золотареваға есе жіберді - 1:6, 5:7. Жібек пен Гөзал жұптық сында бүгін кешке ширек финалдық матчтарын өткізеді.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер