![Александр Недовесов Швециядағы жарыстың жартылай финалына өтті](/_images/news/aleksandr_nedovesov__1657769444.png)
Александр Недовесов Швециядағы жарыстың жартылай финалына өтті
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Бастад (Швеция) ATP 250 жарысының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
А.Недовесов сербиялық Никола Качичпен бірге бастапқы кездесуінде тағы бір қазақстандық Андрей Голубев пен аргентиналық Максимо Гонсалесті ұтты – 6:3, 6:4. Қазақстандық-сербиялық жұп екінші айналымда ресейлік Павел Котов – швейцариялық Марк-Андреа Хуслермен күш сынасып, жеңіске жетті – 4:6, 6:2, 10:3.
Олардың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
13.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі