Қымбатты қазақстандықтар, мен үйге қайтамын - Елена Рыбакина

11.07.2022    Оқылғаны: 221
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
12 шілде күні елдің бірінші ракеткасы, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина Нұр-Сұлтанға келеді. Спортшы елордада бірқатар кездесулер өткізедіп.

«Қымбатты қазақстандықтар! Мен үйге қайтамын. Сіздер мен үшін жеңісті болған Уимблдонда маған қызу қолдау көрсеттіңіздер. Мен оны сездім. Алғыс айтамын. Біз тарихқа бірге ендік, бұл – керемет! Өзім әлі де сене алар емеспін», - дейді Елена Рыбакина.

Чемпионның бұл жүрекжарды лебізін федерацияның баспасөз қызметі жеткізді. Федерация мәліметінше, Елена Рыбакина елордада журналистерге баспасөз мәслихатын өткізіп, жас спортшылармен және жанкүйерлермен кездеседі деп жоспарланып отыр.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер