Елена Рыбакинаның жарқын жеңістері алда– Болат Өтемұратов
Лондонда Уимблдон турнирі мәресіне жетіп, әйелдер арасында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина топ жарды. Осыған орай Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов ҚТФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Елена Рыбакинаның тамаша табысы туралы әңгімелеп берді.
- Болат Жамитұлы, Елена Рыбакинаның үздік өнерін күтпеген жағдай деп білесіз бе?
-Мен Еленаның табысына өте қуаныштымын. Ол әлемдегі ең күшті теннисшілермен өткен ойындарда дайындығының жоғары деңгейде екендігін көрсете білді. Бұл күтпеген нәтиже деуге болмас. Рыбакина біртіндеп шеберлік шыңына көтеріле білді. 2018 жылы әлемдік рейтингте 200 теннисшінің соңында болса, 2019 жылы қырық үздіктің қатарынан табылды. 2020 жылды 19-ыншы, 2021 жылды 14-ракетка ретінде қорытындыласа, биыл 12-сатыға көтерілді. Мұның бәрі ерте ме, кеш пе, үлкен жеңістерге әкелетіні анық еді.
- Еленаның финалдағы ойыны туралы не айтасыз?
-Лена өте мықты ойнады. Бірінші партияда кеткен есесін қайтарып, жоғары қарқын қосты, өз жоспарын орындай білді. Онс Жабер аяғына дейін күресті. Үшінші сетте есеп 3:2, 0:40 болған мезетте Лена асқан табандылық танытып, қарсыласының қайта күш алуына мүмкіндік бермеді.
- Жартылай финалдан кейін Рыбакина жанкүйерлерге және Лондонға арнайы ұшып келген сізге алғысын білдірді. Бұл аяқасты туған шешім бе, әлде қажет болған жағдайда теннисшілерімізді қолдауды жоспарлап отырасыз ба?
-Мен ересек, сондай-ақ жас ойыншылардың жекелей және командалық матчтарын қарап отыруға тырысамын. Әрине, бәріне үлгеру мүмкін емес. Нәтижелеріне көз тігіп, жеке бапкерлерімен тілдесемін. Ал мастерс, «Үлкен дулыға» турнирлерінің жөні бөлек. Табысты өнер көрсетсе, келіп, қолдау көрсетемін. Ярослава Шведова, Юлия Путинцева және басқалары маңызды матчтарын өткізгенде, қасында болдым. Осы Уимблдонның орталық кортында Ярослава Ваня Кингпен бірге жұптық сында жеңімпаз атанып, Қазақстанның гимні орындалып, туы көкке көтерілді. Өткен жылы Ролан Гаррос жарысының финалында Александр Бублик пен Андрей Голубев өнер көрсеткенде, сонда болдым. Биыл Уимблдонда ширек финалдан кейін Еленаны қолдау жөнінде шешім қабылдадым. Мұның әсері керемет, сөзбен жеткізу қиын.
-Рыбакинаның осындай табысының сыры неде деп білесіз?
-Елена екі апта бойы теңдессіз өнер көрсетті. Доп берудегі мықтылығы өз алдына, кортта әбжіл қимылдап, оң мен солға бағыттаған соққылары дөп түсіп жатты. Толқынысын жеңе білді, психологиялық дайындығы ойдағыдай болды. Ленаның көрермендермен тығыз байланыс орнатып, ағылшын тілінде еркін сөйлеуі де жанкүйерлерінің қатарын көбейтті. Тағы бір атап өтетін жайт, Елена түрлі төсенішті корттарда ойнай біледі. Өткен жылы хард төсенішінде Токио олимпиадасының жартылай финалына дейін жетті. Топырақ төсенішінде Ролан Гаррос жарысының ширек финалында ойнады. Енді, міне, Уимблдонда көгал төсенішінде теңдессіз өнер көрсете алды.
-Еленаның ойыны бүкіл елдің назарында болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еленаны Уимблдондағы жеңісімен құттықтады.
-Мемлекет басшысы спортты түсінеді және жанымен сүйеді, негізгі оқиғаларды қағыс қалдырмайды. Ол теннисті жақсы көріп қана қоймай, үлкен және үстел теннисінде ойнайды. Жуырда Қасым-Жомарт Кемелұлының Түркия Президенті Ердоғанмен үстел теннисін ойнағаны белгілі. Қазақстан Президенті спортшының әр табысының артында ауыр еңбек, жылдарға созылатын тынымсыз жаттығу тұрғанын біледі. Сондықтан Мемлекет басшысының теннисшіні жеңісімен құттықтауы өте орынды болды. Әрине, Ленаның да жолы жеңіл болған жоқ. Тек өз еңбегі, командасы мен ата-анасының қолдауы арқасында осындай жеңіске қол жеткізді. Жарыстар арасындағы ұзақ ұшулар, ұйқысыз түндер, көпсағаттық жаттығулар өз жемісін берді. Қазақстан теннис федерациясы жағдайды жасады, дегенмен Лена мен командасының күн сайынғы еңбегі еш кеткен жоқ.
-Шынында Рыбакина кезінде спорттық жолын тоқтатпақшы да болған ғой?
-Иә, Еленаның 18 жасында ондай кезең болды. Бірақ біз оның талантын бірден байқап, қажетті уақытында қолдай білдік. Біздің тарапымыздан бұл дұрыс қабылданған шешім еді. Біздің федерацияның сол бетбұрысты сәттегі қолдауы Еленаны биіктерге жетелей білді. Осылай жалғаса берсе, оның жарқын жеңістері алда екеніне сенемін.
-Әңгімеңізге рахмет.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
10.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
09.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
09.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
08.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі