Жеңіс үшін бар күшімді салдым – Елена Рыбакина

08.07.2022    Оқылғаны: 843
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалында жеңіс үшін барын салғанын жеткізді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисшінің айтуынша, бұл мықты матч болды. «Қарсыласым Симона Халеп – Уимблдон чемпионы атанған спортшы, бұдан бұрын да кездесулеріміз өте тартысты өткен еді. Осы жолы өз өнеріме ризамын, ең бастысы, сапалы ойнадым. Әрине, жүйкеге оңай тиген жоқ, дегенмен бұрынғы матчтар менің бекініп шығуыма септігін тигізді. Бұрын Орталық кортта ойнаған жоқ едім, бірақ бұл маған әсер ете қойған жоқ. Жанкүйерлерім қарсы алған кезде ерекше сезімге бөлендім. Қиын болғанына қарамастан, бәсеке нәтижесінде жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Әдетте бүкіл матчта тұрақты ойнап шығу қолдан келмейтін, бұл жолы психологиялық дайындығым жақсы болып, бар шеберлігімді көрсете білдім», деді Рыбакина.

Елена сондай-ақ әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен өтетін финалға да тоқталды. «Бұл тартысты матч болатыны анық, ол – өте мықты теннисші. Оған қарсы тұру қиын. Дегенмен мен тағы да бар күш-жігерімді жұмсаймын. Соңғы екі аптада айтулы табыстарға қол жеткіздім, осылай жалғастыра бергім келеді», деді Е.Рыбакина.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер