Дәурен Абаев Елена Рыбакинаны тарихи жетістігімен құттықтады

07.07.2022    Оқылғаны: 191
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны Уимблдонның жартылай финалға шығуымен құттықтады.

«Елена, бұл күндері сіз Лондондағы әлемнің беделді жарысында өз ракеткаңызбен еліміздің теннисінің тарихын қайта жаздыртып жатырсыз. Барша қазақстандықтар бұл күндері сіз үшін жанкүйер және сіздің әрбір жеңісіңізге қуанышты. Сізді шын жүрегімнен Уимблдон турнирінің жартылай финалына шығуыңызбен құттықтаймын және алдағы ойында сізге сәттілік пен жеңіс тілеймін!»,- делінген хабарламада.

Жартылай финалда әлемдік рейтингтің 23-ші сатысында тұрған Рыбакина әлемнің экс бәрәнші ракеткасы, Үлкен дулыға турнирлерінің екі дүркін жеңімпазы, румыниялық (әлемнің 18-ші ракеткасы) кездеседі. Бұл матч бүгін 7 шілдеде Нұр-сұлтан уақыты бойынша 20.00-де көрсетіледі. Матчты Setanta Kazakhstan телеарнасынан көруге болады.

Матчта Ұлыбританияда тұратын қазақ диаспорасы қатарынан жанкүйерлердің қолдауы күтілуде. Сондай-ақ, Рыбакинаны Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Еленаны қолдау үшін осы маңызды ойынға арнайы ұшып келді.
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер