Дмитрий Попко Испаниядағы жарыстың чемпионы атанды

04.07.2022    Оқылғаны: 994
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Дмитрий Попко жұптық сында Малага (Испания) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші түркиялық Алтуг Челикбилекпен бірге жүлде қоры 45 мың АҚШ долларынан асатын доданың финалында Израиль өкілі Даниэль Чукерман - эквадорлық Эмилио Гомеспен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық-түркиялық жұп үш сетке созылған матчта 6:7 (4:7), 6:4, 10:6 есебімен жеңіске жетті. Бұл - Дмитрий Попконың жұптық сында челленджер жарыстарындағы алғашқы титулы.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер