
Зарина Дияс биылғы жарыстарға қатыса алмайтынын мәлімдеді
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс биылғы жарыстарға қатыса алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық спортшы жарақаты мен денсаулығындағы кінәратқа байланысты өзінің сүйікті Уимблдон және басқа турнирлерде өнер көрсетпейтінін жария етті.
«Бұл мен үшін, әрине, ауыр. Бірақ ештеңе істей алмайсың, осыған көндігіп, денсаулығымды қалпына келтіруді бастау қажет. Сөйтіп 2023 жылы кортқа тың күшпен оралу керек. Соңғы айларда қиындықты жеңе отырып, ауырсам да, жаттығуға тура келді. Қазір енді денсаулықты күтіп, жаңа маусымға дайындықты барынша тезірек бастауға тырыссам ба деймін. Жанкүйерлеріме сенімдеріңіз үшін алғысымды айтамын. Өздеріңізді сақтаңыздар!», деді Зарина Дияс.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
27.01.2023
ҚТФ баспасөз қызметі