Юлия Путинцева Ұлыбританиядағы жарыстың үшінші айналымына шықты

21.06.2022    Оқылғаны: 77
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық, әлемнің 33-ракеткасы Юлия Путинцева Истборн (Ұлыбритания) WTA 500 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Жарысты екінші айналымнан бастаған Путинцева әлемнің 40-ракеткасы, испаниялық Сара Соррибес-Тормомен шеберлік байқасты. Тартысты өткен бірінші партияда Юлия таразы басын өзіне аудара білді – 7:5. Екінші сетте Юлия 4:0 есебімен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:1. Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді. Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, грекиялық Мария Саккари немесе дүниежүзілік рейтингте 36-орында тұрған украиналық Ангелина Калининаның біреуімен таласады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина екінші айналымда рейтингте 114-сатыдағы тағы бір украиналық Леся Цуренкомен кездеседі.

Ерлер арасында Истборн ATP 250 турнирінде Александр Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге бастапқы кездесуін сәтті өткізді. Олар ұлыбританиялықтар Джулиан Кэш – Генри Паттенді 6:4, 7:6 (7:4) есебімен ұтып, ширек финалға шықты. А.Недовесов пен А.Курешидің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер