Александр Бублик, Андрей Голубев, Александр Недовесов әлемдік рейтингінде көтерілді

20.06.2022    Оқылғаны: 529
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисшілер бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіде өз көрсеткіштерін жақсартты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемнің үздік қырық теннисшісінің қатарында, 39-орында тұр. Михаил Кукушкин 160-ыншы, Тимофей Скатов 225-інші, Денис Евсеев 347-сатыға көтерілді. Ал Дмитрий Попко 198, Бейбіт Жукаев 489-ға сырғыды. Жұптық сында Андрей Голубев 39-ыншы, Александр Недовесов 60-ыншы, Григорий Ломакин 231-орында келеді.

Әйелдер арасында Елена Рыбакина 21-інші, Юлия Путинцева 33-орнын сақтап қалса, Зарина Дияс 200 теннисшінің соңында тұр. Жұптық сында Анна Данилина 22-інші, Жібек Құламбаева 273-сатыға жайғасса, Гөзал Айнитдинова 427-ден 434-ке төмендеді.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер