Александр Недовесов Ұлыбританиядағы турнирдің финалына өтті
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Ұлыбританиядағы Сурбитон челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші пәкстандық Айсам Курешимен бірге жартылай финалда үндістандық Дивиж Шаранга - жаңазеландиялық Артем Ситакпен шеберлік байқасты. Бұл жұп доданың бірінші ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей - словакиялық Филипп Полашекті ұтып кеткен болатын. Қазақстандық-пәкстандық жұп 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Недовесов пен Куреши 1 сағат 20 минутқа созылған матчта 2 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.
Недовесов пен Куреши жүлде қоры 134 920 АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында ұлыбританиялықтар Джулиан Кэш - Анри Паттенмен бас жүлдені сарапқа салады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
13.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі