Андрей Голубев Мюнхен турнирінің жартылай финалына шықты

28.04.2022    Оқылғаны: 746
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Мюнхен (Германия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Голубев франциялық Фабрис Мартенмен бірге ширек финалда сербиялықтар Иван және Матей Шабановтармен шеберлік байқасты. Бірінші партия барысында брейк жасаған қазақстандық-франциялық жұп сол басымдығынан айырылған жоқ, есеп – 6:3. А.Голубев пен Ф.Мартен екінші сетте де брейк жасап, алға шыққанымен, матчқа доп бергенде, сол мүмкіндікті пайдалана алмады, есеп – 5:5. Дегенмен, тағы бір брейк жасап, сосын матчты жеңіспен түйіндеді, есеп – 7:5. Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсекеде қазақстандық-франциялық жұп 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Андрей мен Фабрис жартылай финалда Рафаэль Матос (Бразилия)/Давид Вега-Эрнандеспен (Испания) кезедеседі.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев жекелей сында Рим челленджер турнирінің ширек финалына шыға алмады. Ол италиялық Джанмарко Морониге 0:6, 1:6 есебімен жол берді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер