Дмитрий Попко Португалиядағы турнирді сәтті бастады
Қазақстандық Дмитрий Попко Португалиядағы Оэйраш челленджер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Әлемнің 159-ракеткасы Д.Попко жүлде қоры 45 мың еуродан асатын жарыстың алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингте 250-орында тұрған чехиялық Далибор Сврчинамен кездесті. Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты матчта қазақстандық спортшы 6:4, 3:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Д.Попко ширек финалға шығу үшін әлемнің 227-ракеткасы, мажарстандық Джомбор Пирошпен таласады.
Қазақстандықтар Денис Евсеев пен Тимофей Скатов алғашқы айналымнан аса алмады. Д.Евсеев мажарстандық Фабиан Марозжанға жол берді – 2:6, 3:6. Ал Т.Скатов тәжірибелі чехиялық Лукаш Росолдан ұтылды – 6:7 (5:7), 6:7 (5:7).

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
21.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі