Денис Евсеев Литвада өткен жарыста абсолютті чемпион атанды

22.01.2022    Оқылғаны: 871
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Денис Евсеев Литва астанасы Вильнюсте өткен ITF турнирінің абсолютті жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған жарыста Д.Евсеев жекелей және жұптық сында үздік шықты. Алдымен Денис белоруссиялық Иван Лютаревичпен бірге жұптық сын финалында мажарстандықтар Фабиан Марожан мен Петер Файтты тартысты матчта 6:4, 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Д.Евсеев жекелей сында финалда финляндиялық Отто Виртаненді 5:7, 6:3, 7:6 (7:4) есебімен ұтып, чемпион атанды.

Осылайша Денис ITF додаларындағы 18-інші (соның 8-і жекелей сында) титулына қол жеткізді. Литвадағы осы табысының арқасында Денис алдағы дүйсенбіде әлемдік рейтингіде 349-орынға көтеріледі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер