Анна Данилина Сидней турнирінің финалына шықты

14.01.2022    Оқылғаны: 53
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Сидней WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жартылай финалда жарыстың 2-ракеткалары, жапониялықтар Сюко Аяома – Ена Шибахарамен шеберлік байқасты. Бірінші партияда жетінші геймде Анна мен Беатрис брейк жасап, сол басымдылықты сақтап қалды – 6:4. Екінші сетте тай-брейкте жапониялықтар әбжілдік танытты – 7:6 (7:2). Супер тай-брейкте қазақстандық-бразилиялық жұп 5:2 есебімен алда тұрғанымен, қарсыластарының таразы басын теңестіруіне жол берді. Дегенмен сосын екі мини-брейк жасап, жеңісті жұлып алды – 10:6. Анна мен Беатрис финалда германиялық Вивиан Хайзен – мажарстандық Панна Удвардимен бас жүлдені сарапқа салады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер