Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Канаданы үшінші кездесуінде де ұтты

28.11.2021    Оқылғаны: 261
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Мадридте Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде Қазақстан құрамасы Канаданы үшінші кездесуінде де ұтты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бұған дейін Михаил Кукушкин мен Александр Бублик жекелей сында қарсыластарын қапы қалдырып, Қазақстан мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алған еді. Соңғы бәсеке жұптық сында Андрей Голубев - Александр Недовесов және Канада тарапынан Петер Полански - Брейден Шнур арасында өтті. Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық жұп басымдылық көрсетті - 6:4. Екінші сетте тай-брейкте канадалықтар сәтті ойнады - 7:6 (8:6). Үшінші, шешуші партияда қазақстандықтар бет қаратпады - 6:1. Осылайша Қазақстан құрамасы Канаданы 3:0 есебімен тізе бүктірді. Қазақстандықтардың ширек финалдағы қарсыласы кейін белгілі болады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер