
Зарина Дияс Чикагода негізгі турнирге жолдама алды
Қазақстандық, әлемдік рейтингте 112-орында тұрған Зарина Дияс Чикаго WTA 250 турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Іріктеу сайыстарының 4-ракеткасы болып тіркелген З.Дияс алдымен рейтингте 448-сатыдағы ұлыбританиялық Эден Силваны 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты. Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 254-ракеткасы, оңтүстіккореялық На-Лэ Ханьмен күш сынасты. З.Дияс сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта 5:7, 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ол бәсеке барысында 13 брейк-пойнттың 10-ын пайдаланды. Қарсыласы 10 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. Теннисшілер бірде-бір эйс жасаған жоқ. Осылайша Зарина негізгі жарысқа жолдама алды. Чикаго WTA 250 турнирі 23-30 тамыз аралығында өтеді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























