Григорий Ломакин: «Керемет өткен екі апта үшін Қазақстан теннис федерациясына алғыс айтамын»

24.07.2021    Оқылғаны: 258
Дереккөз:
Автор:
 
Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық теннис орталығының корттарында Zhanibek Challenger 80 халықаралық турнирінің жұптық бәсекелер бойынша финалдық ойындары аяқталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
 
Ерлер арасындағы шешуші матчта біздің Григорий Ломакин украиналық Алексей Крутоймен бірге Ю Хсу (Тайпей)/Бенджамин Лок (Зимбабве) жұбына қарсы ойнады. Бір апта бұрын «Президент кубогы» аясындағы турнирлердің алғашқысы - Kerey Challenger 80 жарысында Хсу мен Лок чемпион атанған еді. Олар Григорий мен Алексейді екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, сол нәтижелерін қайталады.

«Бұл менің «Челленджер» сериясындағы алғашқы финалым және ол есте ерекше болып қала бермек. Әріптесім Алексейге алғыс айтып, қарсыластарымызды екінші рет чемпион атануларымен құттықтағым келеді. Барлық ұйымдастырушыға, лайнменге, супервайзерге, қызметкерге көп рахмет! Қазақстандық жас ойыншылардың осындай үлкен жарыстарға қатысуға мүмкіндік бергені үшін демеушілер мен Қазақстан теннис федерациясына зор алғыс білдіреміз», - деп атап өтті Ломакин.

Ертең Zhanibek Challenger 80 турнирінің жекелей сыны финалында ресейлік Андрей Кузнецов пен аустралиялық Джейсон Кублер кездеседі.

Турнирлердің бас демеушісі - Beeline.
Ресми серіктестер - Kazzinc, Samruk Kazyna, және Aqua Rossa.

 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер