Данилина Гдынядағы турнирдің бірінші айналымынан өтті

21.07.2021    Оқылғаны: 77
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық теннисші Анна Данилина беларусьтік спортшы Лидия Морозовамен жұптасып Гдынядағы WTA сериялы турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Данилина мен Морозова ресейлік теннисші Варвара Флинк пен Польша өкілі Вероника Базакты 6:1, 2:6, 10:7 есебімен жеңді. 1 сағат 9 минутқа созылған матч кезінде Данилина екі эйс жасады.

Тағы бір қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Тампереде өтіп жатқан Челленджер турнирдің екінші айналымына шықты. Попко бразилиялық теннисші Орландо Лузды 7:6, 7:5 есебімен жеңді.

Екінші айналымда Попко италиялық Андреа Арнаболдимен кездеседі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер