Путинцева өз мәнсабында екінші рет WTA титулын жеңіп алды

19.07.2021    Оқылғаны: 86
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Венгрия астанасынан қазақстандық Юлия Путинцеваның Будапештегі турнир финалында украиналық Ангелина Калининаны 6:4, 6:0 есебімен жеңгені туралы жағымды жаңалық жетті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

26 жастағы Путинцева 1 сағат 10 минут ішінде бір эйс орындады, доп беруде үш рет қателесті және бес мәрте брейк-пойнтты жүзеге асырды, ал 24 жастағы Калинина допты 1 рет қиыс жіберіп, бір қосарлы қателікке жол берді және бір брейк жасады. Жеке кездесулердегі есеп Юлияның пайдасында - 2:0. Путинцева жеңіске жеткені үшін 280 рейтингтік ұпай және 29 мың доллар жүлде алады.

«Бірінші кезекте Қазақстан теннис федерациясына зор алғыс білдіргім келеді. Артымызда әрдайым қолдау көрсететін федерацияның бары қандай керемет! Екі күн демалып, Токиоға ұзақ жол тартамын. Олимпиадада басқаша жабын болады, оңай болмайтыны анық, бірақ мен кез - келген жағдайға дайынмын және өз елім үшін Олимпиада медалін жеңіп алуға тырысамын», - деді Путинцева өз сөзінде.
 
Еске сала кетейік, Юлия WTA аясындағы алғашқы титулын 2019 жылы немістің Нюрнбергінде жеңіп алған. 24 шілдеде Токио Олимпиадасының жекелей сынында бақ сынайды.
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер