Елена Рыбакина: "Олимпиадада топ жаруға мүмкіндігіміз бар"

17.07.2021    Оқылғаны: 214
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ҚТФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында өзінің Олимпиада ойындарына дайындығы туралы айтып берді.
 
- Уимблдоннан кейін не істейсіз?
- Олимпиадаға дайындаламын. Физикалық дайындыққа көбірек көңіл бөлуім керек. Себебі теннистің өзін көп ойнадым. Хардқа бой үйретіп жатырмын.
- Олимпиаданың, үлкен бір мерекенің жақындап қалғанын қалай сезініп жүрсіз?
- Әзірге аздап қобалжып жүргенім рас, өйткені көптеген ережені сақтау керек. Сонымен қатар, көптеген түрлі қосымшаны, тағы бірдеңелерді толтыру керек. Иә, үлкен бәсекелестіктің болары анық. Менің ойнап жүргенімен мүлде бөлек, салыстыруға келмейді. Жеткен соң қалай боларын көре жатармыз.
 
- Олимпиада турнирі өте шығады, бір аптада бітеді. Сіз екі санатта да ойнайсыз. Күшіңізді сарқып алмайсыз ба?
- Әрине, қиын, өйткені Токиода өте ыстық екен және бейімделуге уақыт жетпейтін сияқты. Бірақ дайындалып жатырмын және бірнеше күн жаттығуымызға болады, кортқа бой үйретеміз.. Сондықтан, әдеттегідей, уақыт аз, бірақ тырысамыз.
 
- Олимпиададан не күтесіз? Төртжылдыққа іріктеуден өтуге дайындалдыңыз ба, әлде рейтингіңіз жоғары болған соң жайбарақат жаттыға бердіңіз бе?
- Әрине, кез келген жарыста жеңіске жетемін деп мақсат қоямын. Бұл Олимпиадаға да қатысты. Жолдама туралы айтар болсам, рейтинг есебінен өтетінімді білдім, сондықтан бұл маған тосынсый болған жоқ. Тек ойындардың өтуі-өтпеуіне алаңдадық.
 
- Сіздің ойыңызша, қазақстандық теннисшілердің Токиода лайықты нәтиже жету мүмкіндігі қандай?
- Мүмкіндік бар деп ойлаймын. Көптеген теннисші барады. Жекелей және жұп болып ойнаймыз. Менің қалай ойнайтынымды болжау қиын. Көптеген фактор әсер етуге тиіс. Қазір өзімді дайын сезінемін, бірақ уақыт белдеуі мен ауа-райына бейімделуге көп уақыт жоқ екенін түсінуіміз керек. Ең бастысы, денсаулық мүмкіндік беріп тұр және бәрі дұрыс бағытпен келе жатыр.
 
- Сіз Ярослава Шведовамен жұптасып ойнайсыз. Бірнеше турнирде бірге ойнадыңыздар, бұл дуэт қаншалықты тәжірибелі?
- Айту қиын, өйткені бірнеше рет өте мықты қарсыласқа тап болдық. Сонымен қатар, Ярослава сол кезде енді ғана турға оралып жатқан. Көрерміз. Жаттығуға бірнеше күн ғана бар. Тырысамыз, әрине. Мен жеке сындарда ойнап үйренгенмін, жұптасып ойнауда үлкен нәтижеге қол жеткізе алмадым
Бірақ жақында ғана «Ролан Гарроста» алысқа шаптық. Дегенмен  менің басымдығым жекелей сындарда көрінеді, мүмкіндік көп. Әрине, Ярослава екеуміз қолдан келгенді істейміз, себебі мұнда біз сияқты көп ойнап көрмеген жұптар жетерлік.
 
- Қазақстан құрамасы Олимпиада алдында орталықтандырылған дайындық жасай ма?
- Бұл жолы бөлек-бөлек дайындаламыз. Себебі кейбіреулер әлі де басқа турнирлерде ойнап жатыр. Мен Уимблдоннан кейін үйге енді ғана оралдым. Қиындық жоқ емес, визамен айналысу керек. Оған қоса ұзақ уақыт үйде болған жоқпын. Ғаламат дайындыққа уақыт жоқ. МенІң бір апта ғана уақытым қалды, мәселен.
 
- Сізге Токиода қандай шектеулердің болатынын айтты ма?
- Ол жаққа жеткен соң жаттығу жасай аламыз. Менің түсінуімше, дайындықтан кейін бірден номерге баруымыз керек, яғни серуендеуге рұқсат жоқ. Бірақ біз бұған да үйреніп алғанбыз.
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер