Андрей Голубев жұптық сында Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты

03.07.2021    Оқылғаны: 1003
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық спортшы нидерландылық Робин Хасемен бірге екінші айналымда осы «Үлкен дулыға» жарысының 7-ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей - бразилиялық Бруно Соареспен кездесті. Қазақстандық-нидерландылық жұп 6:7 (3:7), 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Тартысты өткен бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды. А.Голубев пен Р.Хасе ширек финалға шығу үшін осы доданың 14-ракеткалары, оңтүстікафрикалық Равен Класен - жапониялық Бен Маклаханмен таласады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шыға алмады. Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Гуркачпен ойнады. Спортшылардың екеуі де 24 жаста. Бұған дейін өткен жылы Дубайда А.Бублик 6:2, 7:5 есебімен ұтқан болатын. Бұл жолы Х.Гуркач 6:3, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер