Евсеев пен Попко Алматы турнирінің екінші айналымына шықты

08.06.2021    Оқылғаны: 1183
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандықтар Денис Евсеев пен Дмитрий Попко Beeline Open Challenger 80 Almaty турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік рейтингте 385-орында тұрған Денис Евсеев бастапқы кездесуін әлемнің 292-ракеткасы, италиялық Риккардо Бонадиомен өткізді. Қазақстандық теннисші 2 сағат 14 минутқа созылған матчта 6:4, 4:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Д.Евсеев жеті эйс жасап, бес брейкке қол жеткізді. Қарсыласы төрт брейк, үш эйспен шектелді. Д.Евсеев ширек финалға шығу үшін тағы бір қазақстандық Тимофей Скатовпен таласады.

Әлемнің 195-інші, осы доданың 6-ракеткасы Дмитрий Попко рейтингте 374-сатыдағы украиналық Владислав Орловты 6:2, 6:3 есебімен ұтты. Д.Попко екінші айналымда әлемнің 338-ракеткасы, румыниялық Филип Кристиан Жияну немесе рейтингте 257-сатыдағы ресейлік Теймураз Габашвилидің біреуімен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық Бейбіт Жукаев Алматы турнирінің 1-ракеткасы, словакиялық Андрей Мартинге 2:6, 1:6 есебімен жол берді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер