Әмір Омарханов Түркиядағы турнирде жеңімпаз атанды

06.06.2021    Оқылғаны: 566
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Әмір Омарханов Түркияда жасөспірімдер арасындағы Tennis Europe14&U Ahmet Erguden Cup турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі финалда түркиялық, осы доданың 2-ракеткасы Хейдар Гокпинармен күш сынасты. Матч басында брейк жасаған қазақстандық жас теннисші алға кетті. Ол бірінші және екінші сетте де қарсыласынан оқ бойы озық тұрды. Осылайша Ә.Омарханов 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ә.Омархановтың жарыстың абсолютті чемпионы атанатындай мүмкіндігі бар. Ол бүгін тағы бір қазақстандық Владимир Киммен бірге жұптық сында турнирдің 1-ракеткалары, ресейлік Максим Власов – түркиялық Керим Йелмазбен финалда бас жүлдені сарапқа салады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер