Қазақстандық жасөспірім теннисші Черногориядағы турнирдің жеңімпазы атанды

01.05.2021    Оқылғаны: 127
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Михаил Мищенко жұптық сында Черногорияның Улцень қаласында өткен екінші санаттағы Tennis Europe Junior Tour сериясындағы Bellevue Cup U12 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Аталмыш жарыста Қазақстан, Албания, Грекия, Черногория, Косово, Македония, Германия, Ресей, Болгария, Франция, Украина елдерінен 12 және одан кіші жастағы жасөспірімдер қатысты. «Қазақмыс» теннис клубының түлегі, Қазақстанның 12 жасқа дейінгілер арасындағы 2-ракеткасы М.Мищенко черногориялық Вук Крстаичпен бірге қарсылас шақ келтірмеді. Финалда Михаил мен Вук сербиялықтар Филипп Джокич – Михайло Топичті тартысты матчта 2:6, 6:2, 10:8 есебімен ұтты. Қазақстандық-черногориялық жұп супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды. Бұл – олардың биылғы екінші табысы. Бұдан бұрын 11 сәуірде Тиранада Tennis Europe Junior Tour сериясындағы Tirana Open U12 жарысында Мищенко мен Крстаич финалда грекиялықтар Заворгинос Атанасиос – Алкис Михалакопуласты 7:6 (7:5), 6:4 есебімен тізе бүктірген болатын.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер