Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды

01.05.2021    Оқылғаны: 125
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында АҚШ-тағы ITF сериясындағы W60 Charlottesville турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Доданың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина аустралиялық Арина Родионовамен бірге жарыс барысында барлық кездесуінде де жеңіске жетті. Финалда қазақстандық-аустралиялық жұп жаңазеландиялық Эрин Рутлиф – индонезиялық Алдила Сутджиадимен бас жүлдені сарапқа салды. А.Данилина мен А.Родионова 1 сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта қарсыластарын 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Бұл – қазақстандық теннисшінің жұптық сындағы биылғы екінші табысы.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер