Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына шықты

02.05.2021    Оқылғаны: 110
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

А.Бублик алғашқы айналымда әлемнің 39-ракеткасы, мажарстандық Мартон Фучовичпен кездесті. Қазақстандық теннисші 23-те болса, тәжірибелірек қарсыласы 29 жаста еді. Тартысты өрбіген бірінші партия мәселесі тай-брейкте шешіліп, онда А.Бублик шеберлік танытты – 7:6 (7:5). Екінші сетте қазақстандық спортшы 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры ол осы басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3. Бәсеке сағат жарымға жуық уақытқа созылды. А.Бублик екінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, канадалық Денис Шаповаловпен шеберлік байқасады. Ол бастапқы кездесуінде рейтингте 37-орындағы сербиялық Душан Лайовичті 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин Мадрид жарысының іріктеу сайыстарынан аса алмады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер