Қазақстандық теннисшілер Мадрид турнирінде жеңіліп қалды

30.04.2021    Оқылғаны: 151
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Юлия Путинцева Мадрид WTA 1000 турнирінде ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік рейтингте 725-орында тұрған Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Я.Шведова әлемнің 25-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабермен кездесті. Бір сағат 15 минутқа созылған матчта тунистік теннисші 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ал рейтингте 30-сатыдағы Ю.Путинцева әлемнің 18-інші, осы доданың 15-ракеткасы, ұлыбританиялық Йоханна Контадан айласын асыра алмады – 4:6, 2:6. Бұл бәсеке сағат жарымдай уақытқа созылды. Осылайша жүлде қоры 2,5 млн еуродан асатын Мадрид жарысы қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды.

Ендігі бар үміт Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакинада. Ол бүгін негізгі турнирге іріктеу сайыстарынан кейін қосылған, рейтингте 78-орындағы аустралиялық Айла Томляновичпен кортқа шығады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер