Путинцева Чарльстон турнирінің үшінші айналымына шықты

..    Оқылғаны: 239
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның екінші, әлемнің 31-ракеткасы Юлия Путинцева Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Осы доданың 11-ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 88-орында тұрған отандасы Зарина Дияспен кездесті. Бірінші партияда Путинцева басымдылық таныта білді – 6:2. Екінші сетте де ол брейкпен алға шықты – 2:0. Юлия матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2. Қос қазақстандықтың бәсекесі 1 сағат 20 минутқа созылды. Ю.Путинцева жүлде қоры 565 мың АҚШ долларынан асатын жарыстың ширек финалына шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен таласады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер