Қазақстандық теннисшілердің Чарльстон турниріндегі қарсыластары анықталды

..    Оқылғаны: 117
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисшілердің АҚШ-тағы Чарльстон WTA турниріндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Аталған ірі жарыста әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Барти бастаған спортшылар бақ сынайды. Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 119-орында тұрған америкалық Кэти Макналлимен шеберлік байқасады. Әлемнің 28-ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте 107-сатыдағы германиялық тәжірибелі теннисші Андреа Петковичпен ойнайды. Рейтингте 89-орында тұрған Зарина Дияс іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады. Егер Ю.Путинцева мен З.Дияс қарсыластарын ұтса, екінші айналымда өзара кездеседі. Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, рейтингте 822-орындағы Ярослава Шведова әлемнің 76-ракеткасы, жапониялық Мисаки Доимен күш сынасады. Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан дода 5 сәуірде басталып, 11-інде мәреге жетеді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер