Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішіне қол жеткізді

..    Оқылғаны: 112
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бүгін жаңартылған ATP рейтингінде 44-тен 42-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

А.Бубликтің рейтингідегі бұған дейінгі үздік көрсеткіші 43- орын болатын. Бұған ол өткен аптада Майами мастерс турнирінің ширек финалына шығуы нәтижесінде қол жеткізді. Михаил Кукушкин үш сатыға жоғарылап, 105-тен 102- орынға, ал Дмитрий Попко 180-нен 179-ға көтерілді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер