Дмитрий Попко Санкт-Петербург турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық, рейтингте 184-орында тұрған Дмитрий Попко Санкт-Петербург челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Осы жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Д.Попко екінші айналымда отандасы, рейтингте 395-сатыдағы Денис Евсеевпен кездесті. Бірінші партияда Попко 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екіншісінде Евсеев есе қайырды - 6:2. Үшінші, шешуші сетте брейк жасаған Попко сол басымдылығынан айырылған жоқ - 6:4. Қос қазақстандық арасындағы тартысты бәсеке 2 сағат 8 минутқа созылды. Д.Попко жүлде қоры 52 мың АҚШ долларынан асатын доданың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 226-ыншы, осы турнирдің 5-ракеткасы, германиялық Рудольф Меллекер немесе рейтингте 332-сатыдағы чехиялық Иржи Лехечканың біреуімен таласады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.