
Дмитрий Попко Италиядағы турнирді сәтті бастады
Қазақстандық Дмитрий Попко Италиядағы Бьелла челленджер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Дүниежүзілік рейтингте 170-орында тұрған Д.Попко алғашқы айналымда әлемнің 88-інші, осы доданың 2-ракеткасы, америкалық Себастьян Кордамен күш сынасты. Қазақстандық теннисші 6:4, 6:3 есебімен екі партияда жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 10 минутқа созылды. Д.Попко ширек финалға шығу үшін әлемнің 187-ракеткасы, латвиялық Эрнест Гулбис немесе рейтингте 373-сатыдағы италиялық Рауль Бранкаччионың біреуімен таласады. Италиядағы дода 21 ақпанда аяқталады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.





























