Зарина Дияс Мельбурн турнирін жеңіспен бастады

14.02.2021    Оқылғаны: 843
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Зарина Дияс Мельбурн WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Әлемнің 83-ракеткасы З.Дияс дүниежүзілік рейтингте өзінен бір саты төмен тұрған америкалық Кристина Макхэйлмен кездесті. Бірінші партияда америкалық теннисші басымдылық көрсетті - 6:3. Есесіне содан кейін Зарина Дияс ойын тізгінін қолға алып, жеңіспен тәмамдады 6:3, 6:1. Тартысты матч 1 сағат 54 минутқа созылды. З.Дияс екінші айналымда әлемнің 96-ракеткасы, румыниялық Ана Богданмен шеберлік байқасады.

Бұл додада Аустралия ашық чемпионатында жолы болмағандар қатысуда. Олардың арасында Аустралия біріншілігінің өткен жылғы чемпионы, америкалық София Кенин де бар.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер