Бублик пен Голубев екінші айналымға шықты

12.02.2021    Оқылғаны: 754
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
 
Қазақстандық жұп алғашқы айналымда италиялық Сальваторе Карузо – фин Эмил Руусувуоримен күш сынасты. Бірінші партия тағдыры тай-брейкте қазақстандықтардың пайдасына шешілді – 7:6 (8:6). Бублик пен Голубев екінші сетте де есесін жіберген жоқ – 7:5. Бәсеке 1 сағат 30 минутқа созылды. Қазақстандық жұп екінші айналымда осы «Үлкен дулыға» турнирінің 1-ракеткалары, колумбиялықтар Хуан-Себастьян Кабаль – Роберт Фарахпен шеберлік байқасады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер