Дмитрий Попко Анталия турнирінің екінші айналымына шықты

03.02.2021    Оқылғаны: 859
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық, әлемнің 168-ракеткасы Дмитрий Попко Анталия челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 237-орында тұрған аргентиналық Факундо Менамен өткізді. Попко 1 сағат 46 минутқа созылған матчта 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол екі рет эйс жасап, төрт мәрте брейкке қол жеткізді. Попко ширек финалға шығу үшін әлемнің 127-інші, осы доданың 6-ракеткасы, тағы бір аргентиналық Факундо Багниспен күш сынасады. Қазақстандық теннисші биыл жарақатына байланысты жарыстарға, соның ішінде Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысына қатыса алмай, рейтингідегі орны төмендеп кеткен болатын. Қазақстандық теннисші екінші айналымға шығу арқылы 730 АҚШ долларын тауып, Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингісі үшін 7 ұпайға қол жеткізді.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер