Андрей Голубев өзінің маусымдағы алғашқы турнирдегі ойынына баға берді

14.01.2021    Оқылғаны: 777
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Анталияда өткен турнирдегі ойынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

«Осымен Antalya Open 2021 жарысы аяқталды, бұл мен үшін биылғы бірінші турнир. Ұзақ уақыт ішінде алғаш рет жекелей сында ойнауға шықтым және бірінші айналымда словакиялық Алекс Молканнан жеңіліп қалдым. Бірақ қазір менің назарым дубльге бағытталды, онда жақсы нәтиже көрсеттім. Саша Бубликпен бірге біз екінші айналымға дейін жеттік, бірінші айналымда Гоффин мен Гербертті (6: 3, 0: 6, 12:10) жеңіп, ал екіншісінде француз Джереми Шарди мен Фабрис Мартиннен жеңілдік (1: 6, 1: 6). Саша, жеке сында, финалға жетті, ақтық ойында ол, жарақатына байланысты ойында аяғына дейін ойнай алмады. Өздеріңізге мәлім жартылай финалда ол жарақат алып, оны Australian Open 2021 алдында одан сайын нашарлатпауға шешім қабылдады.
Бұл турнир мен үшін қандай болды? Әрине жақсы. Antalya Open - бұл ATP деңгейіндегі ең жоғары турнир, мен мұндай жарысқа көптен бері қатыспадым. Сондықтан, мен Саша екеуміздің осындай қарсыластарымызды жеңіп, бірінші кезеңнен өткенімізге өте қуаныштымын. Осы жағымды эмоциялармен мен австралияда өтетін жарыстарды үлкен үмітпен күтемін», - деді Андрей Голубев.

Естеріңізге сала кетейік, Australian Open 2021 жарысы 8-21 ақпан аралығында Мельбурнде өтеді.
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер