Албот Раду Попконың қарсыласын ұтып, Томми Пол және Фернандо Вердаскомен бірге Astana Open турнирінің 2-кезеңіне шықты

26.10.2020    Оқылғаны: 544
Дереккөз:
Автор: Қазақстан теннис федерациясы
Нұр-Сұлтан, 26 қазан (пресс-релиз): 30 жастағы молдаван спортшысы Раду Албот жергілікті спортшы, wildcard иегері Дмитрий Попконы жеңіп, турнирдің жетінші нөмірі, америкалық Томми Пол және испан теннисшісі, әлемдік рейтингте 7-ші болған Фернандо Вердаскомен бірге Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан 250 Astana Open турнирінің 2-кезеңіне шықпас бұрын бірашама тер төгуге мәжбүр болды.

2 сағат 50 минутқа созылған тартысты кездесуде әлемнің бұрынғы 39-ракеткасы және 2019 жылы Делрей-Бичте өткен АТР турнирінің жеңімпазы Раду Албот жергілікті спортшы, wildcard иегері Дмитрий Попконы4-6,6-4,6-4 есебімен ұтты.

Турнирдің жетінші нөмірі атанған АҚШ өкілі Томми Полға италиялық әріптесі, әлемдік рейтингтегі №73 теннисші Стефано Травальяны жеңу үшін 1 сағат 37 минут қажет болды. Кездесу нәтижесі 7-6(2), 6-3.

Жанкүйер делебесін қоздырған келесі матчта мансабында 7 бірдей титулға иелік еткен спортшы, әлемдік рейтингтегі №7 теннисші болған Фернандо Вердаско австралиялық Джеймс Даквотасоға 1 сағат 45 минутта 6-4, 7-6(5) есебімен мықтылығын мойындатты.  

Тартысты өткен тағы бір матчта 21 жасар алаң иесі Дмитрий Попко 52 минутта Молдова спортшысы Алботадан 9-геймде 1 сет ұпайын тартып алды.  
Екінші сетте Попко жеңіске апаратын бірнеше мүмкіндікті уысынан шығарып алды. Қателігін жөндеуге мүмкіндік таппай 10-геймде жеңіс қарсылас жағында болды.
Үшінші сетте Алботалты брейкпоинтты сақтап, 10-геймде Попконы wildcard-сыз қалдырды.

«Ол өте мықты ойыншы, өкіншке орай мен жеңілісімді мойындадым», - деді қазақстандық жас спортшы Дмитрий Попко матчтан кейін. «Бұл өте тартысты кездесу болды. Мен қолымда тұрған 6 брейкпоинтты жүзеге асыра алмадым. Ойын жеңіл өткендей болды, бірақ мен бар мүмкіндікті пайдалана алмадым. Ондай жағдай болып тұрады», - деді Попко.

Турнирдің жетінші нөмірі атанған АҚШ өкілі Томми Полға италиялық әріптесі, әлемдік рейтингтегі №73 теннисші Стефано Травальяны жеңу үшін 1 сағат 37 минут қажет болды. Кездесу нәтижесі  7-6(2), 6-3.

Осы маусымда «FedExATP» рейтингінде 30 сатыға жоғарылаған және әлемдік рейтингтегі 57 орнын нақтылаған, биыл Акапулькода өткен турнирде Александр Зверевті жеңген Пол өз бабында. Ол 1/8 финалда Раду Алботпен ойнайды. 

Жанкүйер делебесін қоздырған келесі матчта мансабында 7 бірдей титулға иелік еткен спортшы, әлемдік рейтингтегі №7 теннисші болған Фернандо Вердаско австралиялық Джеймс Даквотасоға 1 сағат 45 минутта 6-4, 7-6(5) есебімен мықтылығын мойындатты.  

Испания жұлдызы Вердаско  екінші сеттің тай-брейкінде жеңіске жету үшін Дакворттың поинттағы қателігін тиімді пайдалануды жөн санап, бар шеберлігін ортаға салды. Вердаско1/8 финалда турнирдің төртінші нөмірі австралиялық Джон Миллман шеберлік байқасады.

Негізгі кестенің 1-кезеңі –Нәтижелер

Раду Албот(MDA)  - [WC] Дмитрия Попко(KAZ)  4-6,6-4,6-4

Фернандо Вердаско (Esp) - Джеймса Даквота (Aus) 6-4,7-6(5)

Томми Пол ( USA)  - Стефана Травалья (Ita) 7-6(2),6-3
 

 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер