Дмитрий Попко, Тимофей Скатовқа, Андреас Сеппиге ATP 250 Astana Open турнирінің негізгі кестесінің уайлд-карталары табысталды

24.10.2020    Оқылғаны: 795
Дереккөз:
Автор:
Қазақстандық теннисшілер Дмитрий Попко мен Тимофей Скатовқа, сондай-ақбұрынғы әлемнің 18-ракеткасы, италиялық Андреас Сеппиге ATP 250 Astana Open турнирінің негізгі кестесінің уайлд-карталары табысталды.

Дэвис Кубогы бойынша Қазақстан құрамасының мүшесі, сондай-ақ әлемдік рейтингтің бұрынғы жетекші теннисшісі, Дэвис Кубогының Сербиядағы және командалық әлем чемпионатының құрама мүшесі Виктор Троицки Қазақстан астанасында алғаш рет өтетін біліктілік турниріне уайлд-карта алды.

«Біз итальяндық үздік ойыншылардың бірі Андреас Сеппиге уайлд-картаның табысталуын қуанышпен хабарлаймыз, бұл - қазақстандық және итальяндық теннис федерациялары арасындағы жақсы қарым-қатынастың куәсі»,- деп мәлімдеді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский. «Тағы бір қуантарлық жайт, біздің ең дарынды екі ойыншымыз - Дмитрий Попко (әлемнің 173-ракеткасы) және Тимофей Скатов (рейтингте 450-орын) негізгі кестенің уайл-карталарына ие болды», - деп толықтырды ол. - Мен бұл сенімділікті арттырумен қатар, оларға үй қабырғасында ең жақсы ойыншыларды жеңуге, сондай-ақ өз рейтингтерін жақсартуға жәрдемдесетін құнды ATP ұпайларын жинауға көмектесетініне сенімдімін.

Кәсіби деңгейге өткен 19 жастағы Скатов қаңтар айында Түркияның Анталия қаласында, сондай-ақ осы жылғы қыркүйекте Испанияның Меллилья және Румынияның Бухарест қалаларында өткен ITF Фьючерс 3 турнирін жеңіп, өте жақсы өнер көрсетті.
Турнир директоры Атилла Рихтер Дэвис Кубогы бойынша Қазақстан құрамасының мүшесі, әлемдік рейтингте 373-орын алатын Денис Евсеевке, сондай-ақ әлемдік рейтингтің жетекші теннисшісі, Дэвис Кубогындағы Сербия құрамасының және командалық әлем чемпионатының мүшесі, АТР 3 титулының иегері Виктор Троицкиге біліктілік уайлд-карталардың табысталуы туралы мәлімдеді.

ATP 250 «Astana Open» турнирінің бас демеушісі мәртебесінде Beeline компаниясы қатысады. Демеушілер: Forte Bank және Mastercard.
Серіктестер: Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы, Terra Motors, Jaguar және Land Rover, Тeсhnodom, Aqua Rossa, Technogym,Нead,ASU.
Ақпараттық серіктестер: Qazaqstan, Qazsport, Setanta, Zakon.kz, Informburo, 31-арна, Forbes.kz, Business FM.
 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер